Түркістан: мәслихаттардың жұмысы жүйеленген кітап жарыққа шықты

Астанадағы «Достық» үйінде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев пен мәдениеттанушы-философ, политтехнолог Абылайхан Қалназаровтың бірлескен авторлығымен шыққан «Мәслихат депутаты қандай болуы керек?» атты салалық тұңғыш кәсіби кітабының тұсауы кесілді. Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов іс-шараға арнайы шақыртумен қатысты.

Кітапта барлық деңгейдегі мәслихаттарға қоғамдағы өзекті мәселелерді еңсеруге бағыт-бағдар берілген. Авторлар жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық және әлеуметтік қатпарларын зерделей отырып, тұрғындардың және сайланбалы органдардың жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметін жан-жақты сипаттайды.

Айта кетейік, бұл іс-шара «Астана қаласы мәслихатының жұмысын ұйымдастыру және жергілікті өкілді органдардың қызметін жетілдіру тәжірибесі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында реформаларды іске асыру жөніндегі заңнама мәселесі» тақырыбы бойынша өткізілген «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ Орталық кеңесінің отырысы аясында өтті.

ПІКІР ЖАЗУ