Түркістан: Мақтааралда мақта бақылауда

Мақтаарал ауданындағы «Zhanasyl», «Береке ММА» және «Қазақ Ресей» мақта зауыттарының науқан кезіндегі жұмыстарымен облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы танысты.

«Zhanasyl» мақта зауыты – жылдық қуаттылығы 60 мың тонна мақта талшығын шығарады. Қазіргі таңда 7000 тонна мақта қабылдаған. 2 ауданда 9 бірлік мақта қабылдау бекеттері бар. Мақта бағасы зауытта 250 теңге, бекетте 246 теңге.

«Береке ММА» мақта зауыты – жылдық қуаттылығы 10 мың тонна мақта талшығын өндіру. Қазіргі уақытта мақта бағасы 220 теңге, сонымен қатар ірі шаруаларға мақтасын өңдеу қызметін қоса атқаруда.

Ал, «Қазақ Ресей Мақта өңдеу зауыты» – қазіргі таңда зауыттарға және шаруаларға мақтаны өңдеу қызметін көрсетуде.

Айта кетейік, зауыттарға келудегі басты мақсаты – ондағы шикізатты қабылдауға арналған құрылғылардың жағдайын білу, диқандар өнімін жекеменшік зауыттарға өткізгенде барынша тиімді сата алуына ықпал жасалуын қадағалау.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ