Түркістан: ҚР ҚПК 106-бабы тәртібімен өзекті мәселелер талқыланды
Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сәрсеновтың төрағалық етуімен прокуратура және құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасының өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шарада күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау, ҚПК-нің 106-бабы тәртібімен шағымдарды қарау, бұлтартпау шаралары мен жекелеген тергеу әрекеттерін санциялау кезіндегі өзекті мәселелер бойынша қылмыстық істерді тергеудің және тергеу судьяларының өкілеттіктеріне жатқызылған материалдарды қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ, процеске қатысушылардың құқықтары мен қылмыстық процестік заңының талаптарын қылмыстық істер бойынша жол берілетін бұзушылықтарға ден қоюдың кешенді шараларын қабылдау қажеттігіне назар аударды.
Төраға М.Сәрсенов қатысушыларға өз қызметінің негізгі қағидаттарын және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылған кезде адам құқықтарын қорғау саласындағы өкілеттіктерін жеткізді және іс шараға қатысушылардың назарын қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциялық нормаларын қатаң сақтау қажеттілігін ескертті.
Жалпы, өткізілген іс-шара сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына және сот ісін жүргізудің осы сатысында Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына тиімді сот бақылауын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.