«ТҮРКІСТАН — КӨШБАСШЫЛАР АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Түркістан – көшбасшылар алаңы» атты Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

Турнир шымылдығын ашқан Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев жастардың бірлік, ынтымағын нығайтуға бағытталған іс-шараның табысты боларына сенім білдіріп, еліміздің әр өңірлерінен келген жастарға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылатын турнирге республикамыздағы 19 жоғарғы оқу орны мен орта арнаулы оқу орындарының студенттерінен құралған 64 фракция қатысып жатыр.

Ойындар Американдық – парламенттік формат (АПФ) және Линкольн – Дуглас (ЛД) форматтарында өтуде.

Турнирге өз бақтарын сынау үшін Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан жас пікірсайысшылар келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ