Түркістан: Кентауда шығармашылық үйі ашылды

Кентау қаласының 68 жылдық мерейтойы қарсаңында Хантағы ауылында «Шығармашылық үйі» халық игілігіне берілді.

Бұл нысан өнерді бар ынтасымен сүйетін, дарынды, білімді құрметтейтін ауыл жастарына қызмет етпек. Нысанның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова және бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

–Бүгінгі есігі айқара ашылғалы тұрғын шығармашылық үйінде ауыл жастары жан-жақты өнерді қамтып, дарынды боларына сөзсіз сенемін. Себебі дарындылардың басым көпшілігі ауылдан шығады. Енді сол шығармашылықты ары қарай дамытуға бұл мекеме қызмет ететін болады, – деді ол.

Жаңа нысанның лентасы қиылып, ауыл тұрғындарына шашулар шашылды. Шығармашылық үйінде қолөнер бағытында түрлі үйірмелер жұмыс істейтін болады.

Одан бөлек, ми дамытуға арналған шахмат, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен де үйірмелер ашылады. Шығармашылық үйі заман талабына сай жабдықталған. Бүгінде үйірмеге қатысушы ауыл жастарының саны артып келеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ