Түркістан: кемшілікке жол берген бірлестік пен серіктестіктердің жауапкершілігі қаралады

 Ауа райының сууына байланысты тұрғындар тарапынан жылу жүйесіне қатысты шағым қатары артқан. Мамандар шұғыл зерделеу жұмыстарын жүргізіп, көпқабатты үйлердің ішкі жылу жүйелерінен кемшіліктер анықтады.

 Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков кемшілікке жол берген “Мүлік иелерінің бірлестігі” (МИБ) және “Жай серіктестік” (ЖС) төрағаларының жауапкершілігін қарауды тапсырды.

 Жалпы облыс орталығында І және ІІ-ші мөлтекауданда 75, Отырар мөлтек ауданында 49 және Әкімшілік-іскерлік орталығында 98, жалпы көпқабатты 222 тұрғын үй орталық жылу қуатымен қамтамасыз етілген.

 Жылу мекемесі Орталық қазандық, Отырар мөлтекауданында, Рухани-мәдени орталық және Әкімшілік-іскерлік орталықтарында 14 модульды қазандық блоктарымен жұмыс істейді, 2023–2024 жылғы жылу беру маусымына қосымша тағы 3 модульды қазандық блоктары іске қосылды.

 Жылу беру маусымында кәсіпорын толығымен табиғи газ отын түрін пайдаланады. Табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісім-шарт түзілген.

ПІКІР ЖАЗУ