Түркістан: Келесте ұстаздарға арналған мерекелік кеш өтті

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Келес ауданында «Ұстазыма мың алғыс» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев және ауданға қарасты барлық аймақтардан 500-ге жуық ардагер ұстаздар, аудан басшылығы, кәсіподақ төрағалары, педагогтар мен жас мамандар, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу алаңында білім беру саласына қосқан үлесі үшін 50-ге жуық ұстаз марапатталды. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған шараны аудан әкмінің орынбасары Даурен Сариев ашып, білім саласында табанды еңбек еткен ұстаздарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Қазіргі таңда Келес ауданында мектептерде 3860, мектепке дейінгі ұйымдарда 1059 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдердің кәсіби дамуын арттыру үшін ауданда 17 жетекші мектеп 46 серіктес мектеп бар. Мерекелік шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ