Түркістан: «келесі жылдың жұмысына кеш қалмаңыздар»

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков 2024-жылға жоспарланған құрылыстардың құжаттарын жыл соңына дейін созбалаңға салмай, жылдамдатып сараптамаға ұсынуды тапсырды.

 Қазіргі таңда білім бөлімі күрделі жөндеуді қажет ететін 7 мектеп (№20 Р.Исетов, №22 Б.Момышұлы, №31 Абай, №7 С.Ерубаев, №26 Әйтеке би, №17 Ататүрік, №9 Некрасов) пен 4 балабақшаның («Айгөлек», «Айгүл», «Арай» және «Гүлдер» бөбекжай балабақша) құжаттарын әзірледі. Сонымен қатар, 5 балабақшаның күрделі жөндеуі мен 1 мектепке қосымша ғимарат құрылысына демеушілер есебінен жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде.

Қала аумағында жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге табиғи газ тарту мәселесі де күн тәртібінен түспейді. Қазіргі таңда жалпы 874 көшенің бойындағы жаңадан бой көтерген ғимараттар мен баспаналар арасында табиғи газға қосылмаған абоненттерді түгендеу, жобалық сызбасын сызу, жерге топо-түсірілім жұмыстары атқарылуда.

Кәріз жүйесі жүргізілген көшелерді қайта қалпына келтіру жұмыстары қатаң қадағалауға алынды. Шаһар басшысы бөлім мен сектор жетекшілеріне мердігерлердің жұмысына қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігін ескертті.

ПІКІР ЖАЗУ