Түркістан: Келес ауданында «ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты әкелер мектебінің кеңесі өтті

Түркістан облысы, Келес ауданында «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты әкелер мектебінің кеңесі өтті. Келес аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенұлы және аудандағы білім ошақтарының өкілдері мен ауыл билері қатысты.

– Әкелер кеңесін құрудағы басты мақсат – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру болып саналады. Ауданымызда құрылған әкелер мектебі бүгінгі таңға дейін іс-шаралар өткізіліп, білім беру мекемелерінде, халық көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Әкелер мектебінің жұмыс барысын кең көлемде насихаттап, қоғам болып, болашақ ұрпақтың тәрбиелі де білімді, саналы болып өсуіне өз септігімізді тигізуге шақырамын, – деді аудан басшысы.

Семинар барысында өскелең ұрпақ тәрбиесіне байланысты «Жақсылық жасасаң» атты сахналық көрінісі қойылып, қатысушылардың пікірі тыңдалды. Айта кетейік, Келес ауданында әкелер мектебі 2019 жылдың қыркүйек айының 5 жұлдызында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы кеңесінің №8/42-VII қаулысымен, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан «Әкелер мектебі» құрылып, ережесі бекітіліп, әкелер мектебі аудандық ардагерлер кеңестерінің жанынан және аудандық деңгейдегі барлық мектепте құрылып, жұмыс атқаруда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ