Түркістан: Қазығұрттағы жұмыстарды жандандыру мәселелері талқыланды
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті сапарында Қазығұрт ауданындағы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде мәселелер ашық айтылып, шешілу жолдары қарастырылды.
Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қазығұрт ауданында 2023 жылы 10 елді мекенде 35 жобаны іске асыруға 1,7 млрд. теңге бөлінді. Тұрғындармен кездесуде проблемалық мәселелерді шешу, олардың жолдарын қарастыруға күш салынады. Сондықтан біз аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Қай салада көрсеткіштер төмендеп кеткен болса, соны көтеру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуіміз керек. Тазалық пен тәртіп – кез-келген қоғамның табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі. Осыны есте сақтайық, – деген Дархан Сатыбалды қазығұрттықтарды елімізде жүріп жатқан тазалық науқанына атсалысуға шақырды.
Облыс әкімі инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім салаларында жұмысты жандандыру жөнінде аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Сондай-ақ ауылдың жағдайын жақсарту үшін халықты бірлесе жұмыс істеуге және ауызбіршілікке шақырды.
Кездесуде Қазығұрт ауданының әкімі өткен жылғы атқарған жұмыстары мен және биылғы көрсеткеткіштер бойынша есебі тыңдалды.
Облыс әкімі аудан әкімінен өзекті мәселелердің шешілуі бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ тұрғындардың өтініштері мен сұрақтары тыңдалды. Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылған кездесуде ауданның ауыз су, жол, денсаулық, жайылым жер және өзге де инфрақұрылымдық мәселелер айтылды.