Түркістан: қатты боран салдарынан бірқатар жолдар жабылды
Түркістан облысында 12 желтоқсан күні жел тұрып, жолдың көрінбеуі салдарынан А-2 Алматы – Ташкент автомобиль жолының 593-654 шақырымына (Жаскешу, Састөбе елдімекендері) барлық автокөліктерге шектеу қойылды.
Қатты боранның сейілмеуіне байланысты қазіргі уақытта шектеу жұмыстары жалғасуда. Түлкібас ауданы Шақпақ баба елдімекенінде 50-ге жуық жүк көлігі (фура), 40 шақты жеңіл машина тұрып қалған.
Осыған орай, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жолаушылар мен жұмысшылардың жағдайын білу мақсатында Түлкібас ауданына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауда.
Жергілікті әкімдік тарапынан жолда қалған азаматтарды жаппай қауіпсіз аймақтарға көшіріп, ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Жолды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Шұғыл шаралардың нәтижесінде, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы шекарасына дейін жалпы 19 арнайы техника, 37 жұмысшы жұмылдырылып, 355 м3 инертті материалдар себілуде.
Одан бөлек, қазіргі таңда облыстық маңызы бар КХ-1 «Қошқар ата-Жарықбас-Бірлік» 0-75 шқ («Шыбықбел» асуы) және КХ-3 «Көксайек-Ақсу-Шаян- Мыңбұлақ» 117-179 шқ жолдары жабылды. Бәйдібек аудандық полиция бөлімі тарапынан 3 постқа, яғни Бірлік, Шаян, Боралдай елдімекендері маңына кезекшілік қойылды.
Сондай-ақ, аудандық маңызы бар “КХВК-5 КХ-5 Жаңаталап елдімекенінің кіре беріс 18 шқ және “КХВК-16 КХ-3 Ақмешіт әулие үңгіріне кіре беріс 18,4 шқ автомобиль жолдары жабық.
Айта кетейік, ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрғындардан өз қауіпсіздіктеріңіз үшін үйлеріңізден шықпауды сұранамыз.