Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: кәсіпкерлер де қарды тазалауға үлес қосуда

 

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы аумағында 2023 жылдың 03 қаңтары күні ауа-райы күрт өзгеріп, бұрқасын дауыл мен қалың қардың салдарынан елді мекендер жарықсыз қалған болатын. Бүгінгі күнге дейін ақауды қалпына келтіруге ауданмен қоса алғанда облыс және аудандардағы «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің 23 бригадасы мен 45 техникасы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Өткен аптадағы ауа райының күрт жылынып, жаңбыр мен қардың еруінен электр бағаналарын жөндеу барысында «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің техникалары лайға батып, қозғалуға мүмкіндік болмай қиындық туғызды. Аудандағы электр жарығын ертерек жөндеу үшін жұмысты жедел атқаруға кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттары Асқар Кенехан, Серік Шалқарұлы, Дәуір Ақатаев, Абылай Жақыпов та өз үлестерін қосып, шаруа қожалықтарындағы техникаларын беріп, көмектерін көрсетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысына ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі іссапармен келді

admin

Бүгін Ақордада лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өтеді

admin

Егеуқұйрықтар бір қаланы басып алды

admin