Түркістан: қамқорлық орталығында қаржылық сауаттылық бағытында семинар-тренинг өтті

Бүгін «Қамқорлық» жанұя орталығында қаржылық сауаттылық бағытында семинар тренинг өтті.

Семинар тренингтің мақсаты – нәзік жандыларға қаржы сауаттылық негіздері, қаржылық мақсаттарды дұрыс қою, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі және өзгеде тақырыптар бойынша тереңірек түсінік беру.

Тренингті тәжірибелі бизнес-тренер Жандос Әзімбай жүргізді.

Шарада қаржылық көрсетілетін қызметтер мен құралдарды пайдалана білу, меншікті қаржы қаражатын басқару дағдылары, халықтың қаржы жүйесі, оның жұмыс істеу қағидаттары мен қаржылық көрсетілетін қызметтер саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ, жеке инвесторлармен жұмыс жасау, қаржы нарықтарындағы бәсекелестік, қаржылық тұрақтылықта қолданылатын әдістер туралы толық мәлімет берілді. Одан бөлек, қатысушылар «Бастау бизнес» жобасы бойынша сауалдарына тұшымды жауап алды.

ПІКІР ЖАЗУ