Түркістан қаласының жылыту маусымына дайындығы қалай?

Түркістан қаласының жылу саласы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы жүргізіледі.

Кәсіпорын шаһардағы 222 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтуда. Олар: І және ІІ-ші мөлтек аудандағы 75, Отырар мөлтек ауданында 49, Әкімшілік іскерлік орталығында 98 көпқабатты тұрғын үйді құрайды.

Жылу беру маусымы 2023-2024-не дайындық қала әкімінің күнделікті бақылауында. Биылғы жылы облыс орталығында 1-қарашадан жылу беру басталады деп жоспарланған.

Жалпы жылу беру үшін мекемеде 17 дана қазандық іске қосылған. Аталған модуельды қазандық блоктары табиғи газ арқылы жұмыс жасайды.

Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші дифференцировандық түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітілген. Оның ішінде І және ІІ -ші, Отырар мөлтек аудандар және Мәдени рухани орталығында орналасқан жеке тұлғалар үшін 1 м² -92.46 теңге, 1 Гкал -2640.46 теңгені құраса, ал заңды тұлға үшін 1 Гкал – 5999.28 теңге болып бекітілген.

Сондай-ақ, Әкімшілік іскерлік орталығында жеке тұлға үшін 1 м² -140.85 теңгеден 166.42 теңгеге дейін әр модуельды қазандық блоктарына бөлек жасалған, ал есептегіш құралы бойынша1 Гкал – 4535.85 теңгеден 5556.59 теңгеге дейін, ал заңды тұлға үшін 1 Гкал – 12637.85 теңге болып белгіленген. Ыстық сумен қамтамасыз ету үшін 1 м³ ыстық суға – 355.92 теңге жұмсалады.

Стастистикаға сүйенсек, мекемеге заңды тұлғалар 1.6 млн теңге, жеке тұлғалар 25.611 млн теңге берешектігі анықталған.

Қазіргі таңда жеке тұлғалардан мәжбүрлеп өндіру мақсатында сот тәртібімен құжаттар рәсімделіп, шешімдеріне сәйкес өндіру үшін сот орындаушыларына жолдануда.

ПІКІР ЖАЗУ