Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Бірлік” секторында өткізген жоспарлы кездесуінде 77 тапсырма беріп, бақылауға алды
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Бірлік” секторында өткізген жоспарлы кездесуінде 77 тапсырма беріліп, бақылауға алынған болатын.
Қазіргі таңда нақты 58-і орындалып аяқталды, 14-тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы бақылануда.
“Бірлік” секторында қала басшысының тапсырмасына сәйкес 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді.
3,3 шақырым құрайтын 3 көшеге ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді.
Сондай-ақ,балалар жылы аясында “Бірлік”секторында Керейхан және “Бірлік” стадионы аумағына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстың 90%-ға атқарылды.
Сонымен қатар, 85 шақырымға кәріз жүйесі тартылуда.
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында секторда 600 орынды мектептің құрылысы жоспарланып отыр.