Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ауыз су құбырының құрылыс барысын аралап, жұмыстарды бақылады.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы кондоминиум нысандарын, екінші мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі, Яссы көшесі мен “Отырар” мөлтек ауданындағы абаттандыру жұмыстарын, С.Қожанов көшесіндегі кәріз жүйесі құрылысын, Тәукехан көшесіндегі ауыз су құбырының құрылыс барысын аралап, жұмыстарды бақылады.
Аралау барысында жауапты мамандарға қала аумағындағы 2 қабатты 25 тұрғын үйді газдандыруды аяқтауды,
І және ІІ мөлтек аудандарда тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Т.Бокин көшесінде қолға алынған абаттандыру мәселесін тұрғындармен келісе отырып жүргізу ескертілді.
Қала аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жайы қозғалып, тұрмыстық қалдықтар тастаған мекемелерге тиісті шара көру қажеттігін атап өтті.
Отырар мөлтек ауданындағы құрылыстарға қатысты мердігерге де біршама ескертулер айтып, тапсырмалар жүктеді.
Берілген тапсырмалардың орындалуына мерзім белгіленіп, сапасына бақылау жүргізу әкімнің орынбасарларына бекітілді.