Түркістан қаласының әкімі Нурбол Тұрашбеков кезекті жеке қабылдауын өткізді

 Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті жеке қабылдау өткізіп, қала тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.
Қабылдау барысында 14 азаматтың көтерген мәселесі сараланды. Заңдылығы түсіндіріліп, шешу жолдары қарастырылды.

ПІКІР ЖАЗУ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен техникалық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, қала әкімінің орынбасары Тасов Жандос бірінші сөз алып, құрылыс нысандары мен ондағы орын алған кемшіліктер бойынша баяндады. Мердігер мекеме басшылары өз кезегінде мазалаған сұрақтарын ортаға салып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Нұрбол Әбдісаттарұлы мердігерлерге құрылыс жұмыстарының сапасымен қатар қауіпсіздік шараларына да баса назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар, техникалық талаптарға қадағалау күшейтілетінін де ескертті.

Техникалық кеңес отырысы барысында 18 нысанның жұмысы сараланды.

ПІКІР ЖАЗУ