Түркістан қаласындағы 9 айдың көрсеткіші

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Брифингте шаһардағы 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша баяндалды. Журналисттер өз кезегінде көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БРИФИНГІНЕН

Облыс орталығының өзіндік кіріс көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 15,1 млрд.теңге болса, 2023 жылға 19,4 млрд.теңге болып нақтыланып, былтырғы көрсеткіштен 28,5 пайызға артты.

Жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айына 222,7 млрд.теңгеге жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 15%-ға өсті.

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2022 жылы 21,1 млрд.теңгеге өнім өндіріліп өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,7% өсті.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айында 18,8 млрд.теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,3 % құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 12,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,5 %-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 5,5 млрд.теңгенi құрап, өсім 25,6 пайызға, сумен жабдықтау 1,2 млрд. теңгенi құрап, 7,6% пайызға артты.

2023 жылға инвестиция көлемі 348,9 млрд.теңгеге (бюджет есебінен 102,0 млрд.теңге, жеке инвестиция 246,9 млрд.теңге) жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен 245,8 млрд.теңгеге орындалды (бюджет есебінен 91,2 млрд.теңге, жеке инвестиция 154,6 млрд.теңге).

ПІКІР ЖАЗУ