Түркістан: қаламгер Қасымхан Бегмановтың шығармашылық кеші өтті

 «Farab» кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, қаламгер Қасымхан Бегмановтың «Жырым сенсің, туған жер» атты шығармашылық кеші өтті.

Басқосуға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен республикаға танымал қаламгерлер жиналды.

Іс-шарада қаламгердің сөзіне жазылған әндері шырқалып, жыр жолдары оқылды.

Қасымхан Сейітханұлы Бегманов – 1958 жылы 20-қыркүйекте Түркістан облысы Кентау қаласында туылған.

Ақын, журналист,этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Жастар Одағы сыйлығының және халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері.

Шығармашылық өмірбаяны ұлттық және қазақ әдебиеті энциклопедияларында, топтама жырлары қазақ поэзиясының антологиясында жарық көрген. Ақын өлеңдері сондай-ақ, орта мектеп оқулықтарының қазақ, өзбек тілдерінде шыққан хрестоматияларына енген.

ПІКІР ЖАЗУ