Түркістан қалалық соты әкімшісінің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының 2024 жылғы 3 маусымдағы бұйрығымен Жайлаубекқызы Марина Түркістан қалалық соты әкімшісінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Сот әкімшісінің басшысын Түркістан қалалық сотының судьялары мен сот қызметкерлеріне А.Апбас таныстырды.

АНЫҚТАМА:

Жайлаубекқызы Марина

1982 жылы 22 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын және 2010 жылы Шымкент университетін құқықтану және экономика мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық басқармасының жеке еңбек шарты бойынша маманынан бастаған.

2007-2023 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Соттар әкімшісінің атқару өндірісін қамтамасыз ету және сот приставтарының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекші және бас маманы,

Шымкент қаласы Әл-Фараби және Еңбекші аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы, ОҚО және Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінің соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келген.

Жалпы еңбек өтілі – 20 жыл 6 айды құрайды.

ПІКІР ЖАЗУ