Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырды

Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырды.

Шараға қала тұрғындары және шаһардың ерікті жастары атсалысты. Белсенді азаматтар топтарға бөлініп, өздеріне тиесілі аумақтарды жүгіріп өту арқылы қоқыс жинаудан жарысқа түсті.

«Плоггинг» – салауатты өмір салты мен экологияға қамқорлықты біріктіретін ұғым. Жүгіріп жүріп қоқыс жинау, яғни «бір оқпен екі қоянды ату» дегенді білдіреді. Әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал үрдіс. Физикалық қимыл қозғалыспен жасалатын бұл акция қала тұрғындарының да көңілінен шықты.

Тазарту жұмыстары шаһардағы «Президент саябағы» мен «Арыс-Түркістан» су арнасының бойында ұйымдастырылып, аумақтары күл-қоқыстан тазаланды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ