Түркістан: Халықаралық суретшілер пленэрі мен жас суретшілер симпозиумы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Төлеби – Ұлы дала мекенім» атты суретшілер пленэрі мен «Бірөлке – бірсурет» атты жас суретшілер симпозиумы өтті. Алты күнге созылғаніс-шараға көршілес елдерден және Алматы, Нұр-Сұлтан, қалаларынан халықаралық дәрежедегі суретшілер қатысты.

Ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту, егеменді еліміздің  болашағы – жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеу, жас  суретшілерге  қолдау  көрсету, олардың  шығармашылығын  шыңдау мақсатындағы облыстық «Бір өлке – бір сурет!» атты жас суретшілер симпозиумы да жастарға ерекше шабыт сыйлады.

Симпозиумның  қорытындысы  ретінде Төлеби аудандық мәдениет үйі алдында жас суретшілердің өнер туындыларымен  қылқалам шеберлерінің жаңа шығармалары қойылған көрме ұйымдастырылды. Суретші, мәдениет қайраткері,  гобеленші  Құттыбек Тыныбекұлының шығармаларынанда көрме өткізілді.

Түркістан  облыстық мәдениет басқармасы  басшысының  орынбасары Асылхан Темірханұлы  бұліс-шараның суретшілер қауымына серпін бергенін атап өтті.

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев пленэрдің суретшілер үшін ғана емес, жалпы тұрғындар үшін маңызды екенін жеткізді.


«Сурет өнерінің  қыр-сырын меңгерген  мамандар Төлеби жерінде бас қосып, өзара пікір алмасып, шабытына шабыт қосты. Жанры және стилі әрқилы  суретшілердің  басқосуының Төлеби төрінде өтіп  жатқаны біз үшін ерекше қуаныш әрі мақтаныш. Алты күнге созылған «Бірөлке – бірсурет!» атты облыстық  жас  суретшілер симпозиумы жас суретшілер  үшін пікір  алмасу алаңы ғана емес, тәжірибелі  мамандардан  үйрену, олардың ағалық ақыл кеңестеріне көңіл бөлу кезеңі болды.

«Суретшілер үйінің» алғаш болып, ауданымызда бой көтеруі жалынды жастардың талантын ашары анық. Біздің қуанышымызбен бөлісіп, аудан жастарына берген ағалық ақыл мен кеңестеріңізге алғыс айтамын. Қаламдарыңыз ешқашан мұқалмасын, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс пен ынтымақ, шығармашылық табыс тілеймін», – деді аудан әкімі.

 

ПІКІР ЖАЗУ