Түркістан: этносаралық ахуалды жақсарту жолдары қарастырылды

Бүгін Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Талғат Мелдешов, құзырлы орган басшылары мен жауапты басқарманың өкілдері,  «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы Эльмира Жанғазиева және мекеме филиалдарының басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Басқосуда Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, облыс прокурорының прокурорының көмекшісі Дастан Байтеміров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Арман Қожабаев, Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының бірнші орынбасары Бағлан Айтпаев баяндама жасады. Қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырып, алдағы жоспарларды пысықтады. Сонымен қатар түрлі сала бойынша туындап отырған өзекті мәселелер ортаға салынып, олардың шешу жолдары ұсынылды.

Жиын барысында Бейсенбай Дәулетұлы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алып, этносаралық бірлікті сақтау, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, халықты игі істерге ұйыстыру қажет екенін жеткізді. Жиынды қорытындылай келе, алда тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ ел бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жалпы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің және филиалдарының тарапынан өткен жылы 348 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, биыл жыл басынан бері 92 кездесу өткізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ