Түркістан: “Еңбегі жанған арулар” республикалық іскер әйелдер форумы өтті

2023 жылы 8 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Еңбегі жанған арулар» республикалық іскер әйелдер форумы өтті.

Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Қазақстан Республикасы іскер әйелдер қауымдастығының Президенті, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сарсембаева Раушан  Біргебайқызы, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызы құттықтау сөз сөйледі. Форумның негізгі мақсаты-Қазақстанның іскер әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру, әрі әртүрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қарапайым іскер әйелдерді дәріптеу, іскер әйелдердің мәртебесін өсіру, қоғамның кең ауқымды өзекті мәселелерін шешу үшін әйелдер бастамаларын дамыту.

Салтанатты шара барысында, ел дамуына үлес қосып жүрген 20-ға жуық қыз-келіншекке Түркістан облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды. Сауран ауданынан шыққан іскер қыз-келіншектерде кәсіптерін ашып, өңіріміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүргендігі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық ҚХА жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Жұманова Нышанкүл Абылайқызына Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының Алғыс хаты табысталды.

Форум аясында қатысушылар назарына «Қоғамдағы отбасы институтының рөлі» тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Форумда Іскер әйелдер қауымдастығының республикалық “Жас Қанат” көшбасшысы Куанышева Зарина Жумабекқызы, Шымкент қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Эльеонора Ағабекқызы, Қызылорда облысы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Тасыбаева Динара Берікқызы, Жамбыл облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының «Жас Қанат» көшбасшысы Садырмекова Назгуль Бахытқызы, Шымкент қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі  Байкөзова Балнур Саттарқызы мазмұнды ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. 

Шара соңында Сарсембаева Раушан Біргебайқызы еңбегімен ел құрметіне бөленген бірқатар нәзік жанды аруларға республикалық «Еңбегі жанған арулар» төсбелгісін табыстады. Сондай құрметке Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Дильноза Омаровада ие болды.

ПІКІР ЖАЗУ