Түркістан: бөлім басшыларының күнделікті жоспары

Есепті айына емес күніге беретін болғандықтан бөлім басшылары жұмыстың орындалуын күнделікті жоспарына сәйкес атқаруға тырысып бағады.

Соның нәтижесі болар, облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының 80 тапсырмасының 74-і нақты жүзеге асып, 4-уі тұрақты бақылауға алынған, 2 тапсырманың мерзімі бар. Облыс әкімі қала тұрғындарымен кездескенде 53 мәселе көтеріліп, 39-ы орындалса, қалған мәселелер бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

 Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен ай сайынғы кездесу барысында берілген 925 тапсырманың 864-і орындалып, бақылаудан алынды. 40 тапсырманы 2024-жылдың жоспарына енгізу бойынша тиісті құжаттар әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.

 Жұмыс күнін лездемелік мәжіліспен қортындылау – есеп берумен шектелмейді, мерзімі кешіктірілген немесе орындалмаған тапсырмалар талданып, шешу жолдары қарастырылады. Мамандар ақталуға емес топталып тірлікті атқаруға бас қосады.

 “Кеңеспен шешкен тірліктің кемдігі жоқ” демекші, бөлім басшылары мен сектор жетекшілері тұралаған кей мәселелерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстарын ортаға салады.

ПІКІР ЖАЗУ