Түркістан: биыл әкімдік тарапынан тиісті орындарға құрылыс сапасына қатысты 519 хат жолданған

- «Жаңа Қала» аумағында тұрғындардың шағымдарымен жедел жұмыс жүргізу үшін 2022-жылдан бері арнайы мобильді топтар айналысуда.
 - Мобильді топ құрамына Газ инспекциясы, құрылыс, жылу, сектор маманы, мердігердің өкілі және Таза су мекемесінің мамандары енген.
 - Тұрғындары қоныстанбаған пәтерлердің ақауларын анықтау үшін арнайы штаб жұмыс істеуде. Бүгінге дейін штаб тарапынан 94 ақаулық акт түзіліп, орындалған. 21 акттің орындалуы бақылауға қойылған.
 - 2022 жылы қала әкімдігі тарапынан ескерту берілген мердігерлер саны – 52, оның ішінде айыппұл салынғандар – 19. Кемшілікті қайта қалпына келтіргендер – 33 мердігер.
 - Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы басқармасына (гаск) шара көруге – 15 мердігер бойынша хат жолданған.
 - Қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасына байланысты тиісті мекемелерге 2023 жылы ескерту мен айыппұлдар бойынша 519 хат жолданды.
 - Сотқа жіберілгені: 77 өтінім
 - Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасына (гаск) шара көруге – 64 хат жолданды.
 - БИЫЛ БҰЛ МӘСЕЛЕ НЕГЕ ҚАЙТА КӨТЕРІЛДІ
 - Өйткені, көпқабатты үйлердің қоныстану пайызы 60-70-ті құрап отыр. Жаңа қоныстанған пәтер иелері анықталған кемшіліктері бойынша енді сұраныс жолдауда.
 - Әкімдік тарапынан арнайы бригадалардың кезекшілігі бекітіліп, тәулік бойы қызмет көрсетуі қадағалануда.
 
                			
                                        			



