Түркістан: Бірлік секторында бірқатар оң өзгеріс бар

20 100 тұрғынға қоныс болған Бірлік мөлтек ауданы 1751,8 гектар жерге созылған, онда 154 көше бар.

Биыл жүйелі жоспарлар аясында аталған сектордағы бірнеше салада оң өзгерістер болды.

Атап айтқанда, сектор тұрғындарының 94% көгілдір отын тұтынуда. Ауыз сумен қамтылу көрсеткіші – 96% құрап отыр.

Арнасай және Алғабас көшелерін біріктіретін Арыс-Түркістан каналының аппаттық жағдайда тұрған көпірі қолға алынып, құрылыс жұмыстары басталды. Керей Хан көшесіндегі аллея қайта жөндеуден өткізілді.

Одан бөлек, жыл басынан бері 61 шақырымды қамтыған 115 көшеге кәріз жүйесі тартылып, құрылысы аяқталды.

Жол саласы бойынша 10 көшеге- тас төселіп, 4 көшеге жаяу жүргінші жол салынды, 4 көшеге жарықшам орнатылды. 8 жаңа аялдама жасақталып, 3 аялдама жаңартылу үшін жоспарға енгізілді.

Қала әкімінің ай сайынғы кездесулерінде берілген тапсырмалар бойынша да сектор тұрғындарының бірқатар өтініші жүзеге асқан. Атап айтқанда, 5 ескі транформатор жаңартылды, кәріз жүйесі жүргізілген көшелерге тас төселіп қалпына келтірілді.

Бүгінде келер жылға атқарылатын жұмыстар тізбесі түзілуде.

ПІКІР ЖАЗУ