ТҮРКІСТАН – БАҚ МЕКЕНІМ атты концерт ұйымдастырылды

 «Тuran Moll» ойын-сауық орталығында қалалық мәдениет үйі өнерпаздары қала күніне орай мерекелік концерт өткізді. Қала тұрғындары мен қонақтары жиналған концерттік шарада «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі «Полладио», «Великолепный век» шығармаларын орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Сондай-ақ, «Яссы» би ансамблі «Түркістан», «Шабыт» билерімен орталықтың келбетіне мерекелік ажар сыйлады.

«Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасының қойылымы ұсынылып, Түркістанның тереңнен тамыр алған тарихи белесі сөз болды. «Гүлмекенім Түркістан», «Отаным Қазақ елі», «Асыл арман», «Қазақстан», «Алмалы сай» әндерін мәденет үйі әншілері орындады. Түркістан тақырыбындағы әуезді әндерден соң көрермендер арасында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Түркістанның тарихына қатысты сауалдарға ең жылдам әрі дұрыс жауап бергендер арнайы сыйлық және Алғыс хатпен марапатталды.

 Айта кетейік, қала күніне орай өткізілетін мерекелік шаралар бүгін №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жалғасады.

ПІКІР ЖАЗУ