Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Бәйдібекте ДЗЮДОдан республикалық турнир басталды

Бәйдібек ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.

Жарыс ауданның Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ күресінің спорт шебері Темір Шубайұлының құрметіне ұйымдастырылған. Жас балуандар сайысына 12 команда, 300-ге жуық спортшы бақтарын сынауда. Бұл жарыста ұлдар 8 салмақта, ал қыздар 7 салмақта сайысқа түседі.

Жарыстың салтанатты ашылуына Бәйдібек ауданының әкімінің міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков атақты бапкердің өңірде күрестің жаңғыруына өзіндік қолтаңбасын қалдырғанына тоқталды. Темір Шұбайұлы — Бәйдібек ауданының спорт және дене шынықтыру саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан азамат. Ауыл балаларының спортқа әуес болуына ықпал жасаған. Бүгінде шәкірттері ел спортына өзіндік үлестерін қосып келеді.

Сәйкес жаңалықтар

ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан ҰҚТ жойылды

admin

“Мен туымлы мақтан етемін” мерекелік шеруі ұйымдастырылды

admin

Шымкент: «Қажымұқан» стадионы күрделі жөндеуді қажет етеді

admin