Түркістан: Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэде ескек есуден Түркістан облысының спортшылары Ольга Шмелева мен Ульяна Киселева күмістен алқа таққан болатын. Еліміздің атын әлемдік аренада танытқан спортшылар туған елге оралды.

Ульянаны құрлықтық додаға жан-жақты дайындаған Еркебұлан Кеңесов шәкіртінің кеткен қателігінің орнын толтырып, олимпиада ойындарының жолдамасы үшін дайындалатынын жеткізді.

Азия ойындарында еліміздің намысын қорғаған тағы бір спортшы – байдарка мен каноэде ескек есуден әйелдердің жұптық сайысы финалында бақ сынаған ольга Шмелева 500 метр қашықтықты 1:51 көрсеткішімен бағындырып, күміске қол созған болатын.

Елдің даңқын асырған бұрымдылар – Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Туған елге оралған спортшыларды аталған ұжымның өкілдері зор қошеметпен күтіп алып, сый-құрмет көрсетті. Енді жүлдегер спортшылар аз ғана үзілістен кейін Париж Олимпиадасының лицензиялық жарыстарына дайындықты бастайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ