Түркістан азаматы 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды
Түркістан қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Б.Саттарханов даңғылының бойында қауіпсіздік белдігін тақпаған “Land range rover” маркалы автокөлігін анықтап, жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Көлік жүргізушісіне құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы бабымен әкімшілік шара көріліп, автокөлік айыптұраққа қойылды.
Полиция көлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды және көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізбеуді ескертеді.