Түркістан: ардагер спортшылар үстел теннисінен жарысты

Түркістандық ардагер спортшылар арасында Халықаралық туризм және мейрамдостық университетіндегі спорт кешенінде үстел теннисінен жарыс өтті.

Жарыстың ашылуына Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Хұдияров, Еңбек ардагері Үмбет Жүсіпбаев және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ануар Сарсенбаев қатысты.

Шара Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», «Қазақстанның білім беру үздігі», үстел теннисінен жаттықтырушы, ардагер бапкер Божбанбаев Оразбек Жолдасұлының 75 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.

Түркістан қалалық әкімдігі мұрындық болған бәйгеде 40-60 жас аралығындағы спортшылар бақ сынасты.

Үстел теннисі жаттықтырушылар арасында:

І орын. Полатханов Рахат –Түркістан қаласы

ІІ орын. Қалдарбеков Мәди – Отырар ауданы

ІІІ орын Муханбет Әлі Дәулет –Жетісай қаласы

Жарыс нәтижесі бойынша 60+ жас спорт ардагерлер арасында:

І орын. Қамысбаев Біржан – Жамбыл облысы

ІІ орын . Ким Николай – Шымкент қаласы

ІІІ орын. Ким Леонид – Қызылорда қаласы

50-60 жас спорт ардегерлер арасында:

І орын. Тульбасиев Нартай – Түркістан қаласы

ІІ орын. Тилегенов Сұлтангерей – Ақтау қаласы

ІІІ орын. Расулов Абдул Ахад – Ташкент қаласы

 40-50 жастағылар арасынан:

І орын. Камалов Ойбек – Ташкент қаласы

ІІ орын. Бакулов Болат – Қызылорда қаласы

ІІІ орын. Машрапов Дәулет – Шымкент қаласы

ПІКІР ЖАЗУ