Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Түркістан: акция аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді.

 Бүгін еліміз бойынша «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтіп жатыр. Оның ішінде Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында аталған акция аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді.

Мақсат — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Осыған орай Түркістан облысының 17 аудан-қалаларында аталған акция ұйымдастырылуда. Облыс орталығында да бұл бойынша ауқымды шара өтті. Онда 2000-ға жуық тұрғын тегін заңгерлік кеңес алды. Өңір тұрғындарына еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік заңгерлер қажетті кеңестер берді.

Шара ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, мемлекеттік билік органдарының және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының, «Zakon.kz» желілік басылымының, «Параграф» ақпараттық жүйесінің бірлесіп ұйымдастыруымен қолға алынған.

Айта кетейік, 2016-2023 жылдар аралығында еліміздің үздік сарапшылары мен мемлекеттік органдарынан 165 мыңнан астам ел азаматтары тегін құқықтық кеңес алған. Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» науқанының ел үшін қажет екені байқалып келеді.

Сәйкес жаңалықтар

Құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі өнімдері анықталды

admin

ШЫМКЕНТ: «3-Энергоорталық» АҚ-да қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде

admin

Заңсыз активтерді қайтару: 850 млрд теңге мемлекет кірісіне түсті

admin