Түркістан: әкім қаржыландыру жоспарына негізсіз өзгерту енгізуді тоқтатуды тапсырды
Түркістан облысы бойынша 2023 жылдың 1 шілдедегі жағдайға жергілікті бюджетке 83,9 млрд.теңге сомасында кіріс түсіп, жоспар 109,2%-ға немесе 7,1 млрд.теңгеге асыра орындалды (жоспар – 76,8 млрд.теңге). Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 10,4 млрд.теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 14,1%-ды құрап отыр.
Жалпы барлық аудан, қалалар бойынша түсімдер жоспары орындалды. Апталық аппарат отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен бюджет қаражатын қатаӊ бақылауды талап етті және бюджеттік бағдарламаныӊ қаржыландыру жоспарларына сәйкес толық және тиімді дамуын қамтамасыз етуге тапсырма берді.
Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаевтың баяндауынша, облыс бюджетінің шығыстарына 670,4 млрд.теңге жоспарланып, игерілуі 99,9%-ды құрады. Кей құрылыс нысандары жосықсыз мердігерлермен келісім шарттың бұзылуына байланысты игерілмеген.
Облыс әкімі облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне бюджет қаржысын сапалы әрі уақтылы игеру мақсатында заң талаптарына сай белгіленген мерзімінде тиісті шешім қабылдау туралы тапсырма берді. Қаржыландыру жоспарына негізсіз өзгеріс енгізуді тоқтатуды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі