Тұрғындармен кездесу өтті
2022 жылдың 21 қаңтарында Майдантал ауыл әкімшілігінде «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге «Nur Otan» партиясынан сайланған депутатТ.Садуов, Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейсов, «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалы консультанты М.Әсілханов және Сауран аудандық “Жастар ресурстық орталығы ” маманы Ж.Сайлау қатысты.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында М.Күнпейсов және Ж.Сайлаулар кешегі өткен қаңтар айындағы оқиғалардың себеп-салдарын және бүгінгі таңда олар бойынша Үкімет тарапынан қабылданатын іс-шараларды тұрғындарға түсіндіріп өтті. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарын сабырлыққа шақырып, ең бастысы елдің тыныштығы, халықтың амандығы екендігін, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталатынын, бұл шынайы жаңару кезеңі болатынын айтып жеткізді және Жастар саясатына көптеп көңіл бөлініп жатқанын, “жастар арасында жұмыссыздықты азайту керек” деген мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сөзін жеткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан қордаланған мәселелер бойынша (ауыз су, жол жөндеу, тратуарлар салу) ұсыныстар айтылып, оларды орындау бойынша тиісті шаралар атқарылатындығы жеткізілді.