Тұрғындарға жоқ пәтерді жалға берген күдіктіі ұсталды

“Anti-Fraud” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері пәтерлерді жалға беремін деген сылтаумен азаматтарды алдап, ақша тауып жүрген 21 жастағы интернет-алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Алаяқ пәтерлерді қолжетімді бағада жалға беру туралы хабарландырулар орналастырған және ол хабарласушыларды тұрғын үйге деген сұраныс жоғары, қоныстанғысы келетіндер көп деп сендірген. Яғни күдікті пәтерді жақын арада басқалар жалға алуы мүмкін екенін айтып, алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін қаскүнем байланысқа шықпай қойған. Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға мұқият болуды ескертеді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/astana-politsejleri-turghyndargha-zhoq-paterdi-zhalgha-bergen-kudiktini-ustady/

ПІКІР ЖАЗУ