Тұрғындарға 60 млн теңге шығын келтірген алаяқ қолға түсті

 Елордада тұрғындарға 60 млн теңге шығын келтірген алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 жастағы кәсіпкер арзан турларға уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін міндеттемесін орындамағаны анықталды. Зардап шеккендердің бірі, елорда тұрғыны әлеуметтік желіде “жеңілдікпен жолдама” туралы еліктіретін жарнаманы көргені туралы полицияға арызданған. Күдіктіге сенген ол, оған миллион теңгеден астам ақша аударған. Алайда жәбірленушінің отбасы демалысқа шыға алмаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, шетелге соңғы минуттық турларды ұсынып, қала тұрғындарының ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген жас қыз анықталып, ұсталды. Адамдар ұжымдық мәлімдемелеріне қарамастан, күдікті өзінің турларын жарнамалап, азаматтарды алдауды жалғастырды деп мәлімдейді. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 60 миллион теңгені құрайды.

Күдікті жасаған қылмысын мойындады.

Аталған қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция департаменті азаматтарды мұқият болып, алаяқтардың айласына берілмеуге, таныстардан немесе бейтаныстардан түскен ақпаратты мұқият тексеруге шақырады.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/elordada-turghyndargha-60-mln-tengge-shyghyn-keltirgen-alayaq-qolgha-tusti/

ПІКІР ЖАЗУ