Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін «Қорғау» бағдарламасы белсенді қолданылуда
“Қорғау-қауіпті жүргізуші” бағдарламасы патрульдік полицейлерге құқық бұзушы туралы толық мағлұматты беріп, жол апатының алдын алуға көмектеседі.
Яғни жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған полицейдің планшетіне «Сергек» бейнекамералары арқылы жылжып бара жатқан көліктің жолы, салынған айыппұлы, кімнің атында тіркеуде екені, иесінің кім екені, іздеуде ме әлде жалған нөмірлі ме, соның барлығын планшет бетіне дабыл беру арқылы шығарады.
Дабылды алған полицей бірден көлікті жолы арқылы күтіп алып, тиісті заңды шарасын көреді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі