Тұрғындардың 35 млн теңгесін қалтаға басқан күдіктілер ұсталды
Қызылорда облысында полиция қызметкерлері 17 рет алаяқтық жасап, азаматтардың 35 млн теңгесін қалтаға басқан екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілер мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға көмектесемін деген сылтаумен жәбірленушілердің ақшасын иемденген. Мәселен, полицияға жәбірленушілердің бірі арызданып, алаяқтар несие алуға көмек беремін деп одан 7 млн теңге көлемінде қаражат алғанын айтқан. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған күдіктілердің облыс аумағында жасалған осыған ұқсас алаяқтықтың 17 фактісіне қатысы бары анықталды. Жалпы келтірілген материалдық шығын 35 млн теңгеден асады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қызылорда облысы полиция департаменті қаржылық және басқа да заңды маңызы бар келісім жүргізу кезінде қырағы болуға шақырады.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qyzylorda-oblysynda-turghyndardyng-35-mln-tenggesin-alayaqtyqpen-qaltagha-basqan-kudiktiler-ustaldy/