Тұрғын үй аулаларына аяқжол салу жұмыстары
Шымкент қаласы тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бүгінде көп қабатты тұрғын үйлер ауласына аяқжол салу құрылысы жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта Тұран ауданына қарасты Отырар шағын ауданы, №3, 4, 8 шағын аудандары мен Гагарин көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй ауласында аяқ жол құрылысы жүруде.
Құрылыс жұмысы қазан айына дейін аяқталатын болады.
Бұған дейін Спорт шағын ауданы мен Байтұрсынов, Орманов көшелеріндегі көп қабатты тұрғын үй аулаларына аяқжол салынған болатын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі