“Түнгі қаладағы балалар” шарасы басталды

Түркістан облысы аумағында бүгінгі күннен бастап 20 қарашаға дейін «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты-жасөспірімдер қылмысының алдын алу және білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтарға жол бермеу болып табылады.

Барлық облыс тұрғындарынан өткізілетін шараға түсіністік танытып, жасөспірім балаларына жауапкершілікпен қарауды сұранамыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ