Тұман, жел, найзағай: 15 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Республикада жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте тұман болады. «Қазгидромет» РМК
Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні секундына 18-23 метр күшейеді. Күндіз Жалаңашкөл ауданында жел екпіні секундына 28 метр болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында жел. Жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-батысында жел екпіні секундына 16 метр күшейеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман, найзағай болады. Күндіз облыстың шығысында жел 15-20 метрге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады деп болжанды. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде жел болады. Жел екпіні секундына 15-20, 23 метр күшейеді.
Болжам бойынша, күндіз Атыраудың солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай ойнайды.