“Түлкібаста туған талай дарындар”

23.11.2022 жылы Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінде Тастұмсық ауылдық кітапханашылары мен мектеп кітапханашылары бірлесіп,”Түлкібаста туған талай дарындар” атты тақырыпта тектілер төрі-Түлкібастан шыққан дарынды тұлғаларға арналған кездесу кеші ұйымдастырылды.Кездесу кешін мектеп директорының міндетін атқарушы Бақыт Кертайұлы мен Тастұмсық округі   қоғамдық кеңесінің төрағасы Тулемисов Әбдікәрім ашып берді. Кездесу кешіне ауданымыздың дарынды тұлғалары Нұрланов Асланбек, Абилов Жұмабек,Есеева Гүлназ,Перизат Қасқырбекқызы,Керимкулова Балзира,Сезім Мергенбай,Оралбай Нұрлыбек,Джолбасханов Ислам,Бекеев Мағжан ,Қарашаева Камиланың  қоғамдық үлеске қосып отырған тәрбиесі зор. Түлкібасымыз көркейіп,ұлтымыздың ырысы таусылмасын.

Кездесудегі кештің мақсаты: Жас жеткіншектерді өз туған жерін сүюге баулып,өзінің өмірін, туған өлкесін дамытуға өз үлесін қосар саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу,  өмірге деген көзқарастарын  қалыптастыру, рухани бай болуға шақыру.

ПІКІР ЖАЗУ