Түлкібаста отбасы күніне орай дөңгелек үстел өткізілді

“Отбасы күні” мерекесіне орай Түлкібас аудандық полиция бөлімі мен “Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының” мамандары және “Ақсақалдар кеңесі” мен “Аналар ұйымының” мүшелерімен бірлесе отырып, дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты, неке және отбасы институтын нығайту, отбасының тұрмыстық қатынастарға оң әсер ететін бағыты мен тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.

Шарада отбасы құндылықтар жайлы ой пікірлер ортаға салынып, онда: Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойғанын және Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтетіндігі жайлы айтылды.

ПІКІР ЖАЗУ