Түлкібаста мектеп жәрмеңкесі өтуде

 

Бүгін таңертеңгі  9-00 ден бастап Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының орталық алаңында мектеп жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеде аудан тұрғындары мен қонақтары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағада сатып ала алады.

Бұл жерде «Алатау текстиль», «Заря» және т.б. отандық тауар өндірушілер жасап шығарған мектеп формасы мен аяқ киімнің түр-түрі сатылуда. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен.

Канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 15%-ға дейін, мектеп формасы 10%-ға дейін, аяқ киім 10%-ға дейін, ал сөмкелер 50%-ға дейін жеңілдікпен сатылуда.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада тұрғындардың ыңғайлылы үшін арнайы киімді киіп көретін орындар әзірленіп, мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан әуендер орындалуда.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі