Түлкібаста кезекті полиция сыныбы ашылды

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес полиция мамандығының оң имиджін қалыптастыру мақсатында аудан көлемінде жалпы білім беретін мекемелерде «Полиция сыныптары» ашылуда. Осыған орай Түлкібас ауданы Ғ.Мұратбаев жалпы орта мектебінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицей Нұрғали Қуандықұлы Молдақұловтың атымен «Полиция сыныбы» ашылды.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Сүгірәліұлы, Түркістан облыстық полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Шамшат, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бекарыс Сұлтанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Жанқашұлы және мектеп ұжымы, ІІО ардагерлері мен ауыл ақсақалдары қатысты.

“Жас сақшы” полиция сыныптарын құру, ең алдымен, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған.

Осы сәтті пайдалана отырып, жас тәртіп сақшыларын мектеп бітірген соң ІІМ жоғары оқу орындарына түсіп, Қазақстанның гүлденуі, Отанын сүю, әрбір адамның бірлігі мен сенімін бағалау жолында ішкі істер органдарында қызмет етуді жалғастыруға шақырамын, – деді полиция полковнигі Ерлан Шамшат.

Полиция сыныбының ашылу салтанатында мектептің 11-сынып оқушыларынан 18 оқушы ант беріп «жас сақшы» қатарына қосылды.

ПІКІР ЖАЗУ