Түлкібаста 64 отбасы қоныс тойын тойлады

 Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы тұрғындары үшін бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 64 пәтерлік бір тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.
 Қуанышты іс-шараны аудан аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен ашып, жиналған қауымды баспаналы болуларымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыс етті. Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 2700-ден астам азамат болса, соның 64-і баспаналы болды. Оның ішінде 24 көпбалалы отбасыға, 2 толық емес отбасыға, 13 ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, 1 бюджет саласының қызметкеріне және кент орталығындағы үйлері аппаты деп танылған 23 тұрғынға баспана берілді.

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 64 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында баспана кезегінде тұрған 64 отбасы қоныс тойын тойлады.

«Болашақ» шағын ауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін алғандардың дені – аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балалар. Сонымен қатар бұл баспанадан мемлекеттік қызметкерлер де тыс қалмаған. Келешекте ауданда «7-20-25» бағдарламасымен көпқабатты 2 тұрғын үй салынады.
Бауыржан Артықбаев 20 жылдан бері мемлекеттік қызметпен біте қайнасып келеді. Оның баспана кезегінде тұрғанына 15 жылдан асыпты. Осы уақытқа дейін ауданға Қақпақ ауылынан қатынаған. Ол, әсіресе, қыстың күні қиын болғанын айтады. Енді Бауыржанның отбасы үш бөлмелі жылы әрі жарық үйде тұратын болады. «Бұл күнді көп күттік», – дейді үй иесі.

Мұндағы тұрғын үйлер заман талабына сай салынған. Ауызсу, табиғи газ бен жарық жүйелері тартылған. Балалар ойнайтын аула мен тұрғындар үшін көлік тұрағы бар. Облыстық бюджет қаржысына тұрғызылған бұл баспаналар Қазығұрт ауданының 90 жылдығына тарту ретінде беріліпті. «Келешекте «7-20-25» бағдарламасымен тағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй салу жоспарда бар», – дейді коммуналдық салаға жауапты мамандар.
«Үй кезегінде 393 отбасы тұр. Соның 64 отбасына берілді. Енді 317 отбасы тізімде қалды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша келесі жылдары тұрғын үй беріледі. Ауданда салынып жатыр», – деді Қазығұрт аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің жетекші маманы Әкімжан Әбдіәкім.
Облыста көпқабатты тұрғын үй салуға ниетті жеке инвесторлар қатары көбейген. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының бірінші бағытындағы «7-20-25» бағдарламасы аясында өңірде жеке үй салушылардың қаржысымен жүзден аса көпқабатты үйдің құрылысы басталған.
Бүгінде пәтер жағалап, кісі үйін паналап отырғандардың бәрі жиған-тергенін банк депозитіне апарып салады. Ондағы мақсаты – тезірек үй-жайлы болу, бала-шағасын өз баспанасында бағып-қағу. Үйлі болуды армандағандардың үмітін оятқан «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында биыл талай отбасы жайлы баспанаға қол жеткізді. Қазақ жеті қазынаның бірі деп қастерлеген ит жылы да қаншама отбасы үшін қоныс тойымен басталғалы тұр.
2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 8 672 пәтерлі 145 үйді пайдалануға берді. Құрылыс әлі де жалғасуда. Мұнан бөлек келесі жылы 100 көп пәтерлі тұрғын үй мен 400-ден астам жекеменшік коттедж иелерін табады. Оңтүстік Қазақстан облысында – 1 630 пәтер, Қостанай облысында – 1 260 пәтер, Маңғыстау облысында 1 068 пәтер кілті иелеріне табысталады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы алты бағытты қамтыса, соның көп бөлігі Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қатысуымен жүзеге асып отыр.
Қолжетімді, шаршы метрі жеңілдетілген бағамен берілетін баспанаға қол жеткізу үшін алдымен банкке салымшы болып, алғың келген пәтер құнының 30 пайызын жинақтау қажет. Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушы 5 пайыздық жеңілдікпен берілетін заемға иек арта алады. Баспанаға мұқтаж адамдардың мүддесі үшін жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп, мердігер компанияларды іздестіріп отырғанын айта кеткен жөн.

Тегтерпәтер

ПІКІР ЖАЗУ