Түлкібас: Жер кезегінде тұрғын азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылмақ

Күн санап халық саны артып келе жатқан ауданымызда өзекті мәселенің бірі тұрғын-үй соғуға мемлекеттен қажетті жер телімін бөлу. Аталған мәселенің түйінің шешу мақсатында алдағы жылы ауданымызда ауқымды жұмыстар бастау алмақ. Нақтырақ айтсақ, екі кезеңмен елді мекендердің шегінен тұрғын-үй соғуға қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстар іске аспақ.

І-кезеңде жалпы 4 елді мекенде 569 жер теліміне қажатті инфрақұрылым (Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек елді мекенінен186 жер теліміне, Жаскешу ауылынан134 жер теліміне, Иірсу ауылынан 76 жер теліміне және Шақпақ-баба елді мекенінен173 жер телеміне) тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

ІІ-кезеңмен Ақбиік, Жабағылы, аудан орталығына қарасты «Нұршуақ» мөлтек ауданынан және Керейт ауылының шегінен инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жоспарға еңгізіліп отыр. Қазіргі таңда екінші кезеңде іске асатын жобалардың құжаттары тиісті облыстық салалық басқармаға ұсынылған. Қолдау тауып, қаржы бөлінген жағдайда алдағы жылы аталған елді мекендерде жер кезегіндегі азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен жиында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Нұрлыбай мәлімдеді.

Сонымен қатар, құрылысқа жауапты бөлім басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өзекті мәселерге де тоқталды. Инфрақұрылым тарту жұмыстарына қол байлау болып тұрған, яғни жерлері толық мемлекетке қайтпаған Жаскешу, Иірсу және Шқапақ-баба елді мекенінің жерлерін қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқару керектігін атап өтті. Бұдан бөлек лездемелік жиында индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы мен тұрғын-үй саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

Жиынды қорытындылаған Нұрлан Мархабатұлы, барлық бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне биылға жоспарланған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырып, индикаторлық көрсеткіштердің толық орындалуын ескертті. Инфрақұрылым тарту жұмыстары іске асатын округтерді әкімдеріне жерді қайтару жұмыстарын тездету керектігін жеткізді. Жолдарды қардан тазалау мәселесіне де тоқталып, ауыл әкімдеріне бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстап отыру керектігін атап өтті.                  

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ