Түлкібас жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультация беру жұмыстары жалғасын тапты

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалы басшысы А.Нуранов, Түлкібас аудандық әкімдігіне қарасты ішкі саясат бөлімінің басшылары мен мамандары және Жастар ресурстық орталығы КММ-нің Түлкібас аудандық филиалының жастары мен колледждердің  студент жастары, аудандық жастардың қатысуымен жиын өтті.

Жиында жастар арасында кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан қолдаулар, мектепті бітіруші түлектерге профорентациялық кеңес беру жұмыстарының деңгейі, жоғары оқу орнын бітірген жастар өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтудың мәселелердің шешілу жолдары талқыланып, жастардың ұсыныс-пікірлері назарға алынды.

Сонымен қатар, жастар арасында дін саласын дұрыс түсінбегендіктен басқа ағымның жетегінде кетпеу мақсатында діни сауаттылықты арттыруға көбірек көңіл бөлу, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық кеңестер беру мәселесі қозғалды.

Кездесу соңында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалы басшысы А.Нуранов түйіндеп, жастардың жұмысқа орналасуы, кәсіпкерлікке оңай қол жеткізуіне, өндірістермен тығыз байланыста болуларына, бітіруші түлектердің мамандыққа сай өндірістен жұмыс табуына бірігіп шешімін табу керектігін, жастарға қолдау жасап, Жаңа Қазақстанның бастамашыл жастарын бірігіп қолдау керектігін жеткізді. Жас мамандарға жастар практикасы және басқа да бос жұмыс орындарын ұсынуды оңтайлы жолмен шешетіндікерін жеткізді. Бүгінгі жиын өткен іс-шара жастардың қызығушылығын оятып, терең ой мен жауапкершілікті, еңбек етуді ұғындыра білді.

ПІКІР ЖАЗУ