Түлкібас: заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы дөңгелек үстел

 9 айдың қортындысы бойынша Тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолуы жеткізілді.

Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі 2023 жылдың 9 ай  қорытындысы бойынша тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Түлкібас ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Азимбаев  төрағалық етті.

Сонымен бірге дөңгелек үстелдің жұмысына ТО ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ кадр және тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Зейдунов, “AMANAT” партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы  хатшысы  Қ. Еркебаев. Түлкібас ауданының полиция бөлімінің ӘПБЖжТИТ мемлекеттік инспекторы полиция лейтенанты  Ғ.Забен,аудандық орталық аурухананың терапевт дәрігері Ж.Мейірбек қатысты.

 Іс-шара барысында ТО ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ кадр және тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Зейдунов баяндама жасап, 9 ай қорытындысы бойынша азаматтық қорғау органдарында қызметтік-әскери тәртіпті сақтау және заңдылықты бұзу  бойынша шолуларға тоқталып өтті.

АТЖБ-нің бастығы полковник Бактыбек Кебешұлы Әзімбаев заңдылықты, тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жеке құрам арасында салауатты моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, нығайту және қолдау жөніндегі жұмыстар жүйелі негізде жүргізіледі және ерекше бақылауға алынған,жұмысты жандандыру және теріс қылықтарды жою бағытында  жұмыс жүргізілетіндігі айтылды. 

Қызметкерлерге елдің хал-ахуалын  жақсартып,экономикалық  жоғары  даму деңгейіне жетуді, елміздің өсіп өнуіне және дамуына атсалысып, жемқорлықпен күресу керектігі туралы “AMANAT” партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы  хатшысы Қ.Еркебаев;

Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша Түлкібас ауданының полиция бөлімінің ӘПБЖжТИТ мемлекеттік инспекторы полиция лейтенанты  Ғ.Забен;

«Темекі қарсы күрес профилактикасы»,«Бронх демікпесімен профилактикасы (этиология, демікпенің негізгі түрлері, белгілері, алдын-алу профилактикасы)»,симтомпдары және қан қысымы» алдын алу профилактикасы» және «Нашақорсыз – өмір» тақырыптары бойынша аудандық орталық аурухананың терапевт дәрігері Ж.Мейірбек кеңес берді.

ПІКІР ЖАЗУ